Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасын салдырған тұрғындар саны 40 мыңнан асты. Олардың көпшілігі - 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер болса, 4 мыңы - жүкті әйелдер. Сондай-ақ үш мыңға жуығы емізулі баласы бар аналар.
Сала мамандары екпе әрбір оқушының ата-анасының келісімімен ғана салынып жатқанын айтады. Ревакцинация шаралары да қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде өңірде соңғы екі тәулікте COVID жұқтырған науқастар тіркелмеген.