Зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы банкінің» депозитіне аудару кезінде қандай шарттар сақталуы тиіс? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы банкінің» депозитіне аудару кезінде қандай шарттар сақталуы тиіс?

22.12.2021
Зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы банкінің» депозитіне аудару кезінде қандай шарттар сақталуы тиіс?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы қорындағы шекті сомадан асатын қаржыны «Отбасы банкінің» депозитіне аудару кезінде сақталуы тиіс шарттарды атады.

«2021 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы» бұйрығына сәйкес Ережеге енгізілген өзгерістер бекітілді. Осыған орай азаматтарды қызықтырған сұрақтарға талдау жасап, жауаптар дайындадық. Бүгін біз сол сауалдардың біріне жауап береміз», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін «Отбасы банкінің» шоттарына аудару бойынша норма көзделген. Мақсат - тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинақтау.

Жинақты «Отбасы банкінің» депозитіне аудару кезінде қандай шарттар сақталуы тиіс?

1. Алушы өз салымын үш жылдың ішінде пайдалануы керек.

2. Алушы зейнетақы қаражатын жинақтау мерзімі бар, бұрын ашылған салымға аударуға құқылы.

3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге тыйым салынады.


Зейнетақы Отбасы банк депозит Зейнетақы жинағы

Хабарламаларға жазылу