Қарағанды облысының Шет ауданында жұқпалы мал ауруы ринотрахеит инфекциясы мен вирустық диарея тарап жатыр. Осы ауданға қарасты Ақшатау, Мойынты, Киікті, Ақсу-Аюлы, Ақжал елді мекендері бойынша барлығы 775 бас сиырдан осы симптомдар анықталған. 6 бас мал өліп қалған. Алдымен қараша айының басында Ақжал ауылының тұрғындары аудандық ветеринарлық инспекцияға хабарласқан. Кейін өзге елді-мекен тұрғындарынан да шағым түскен. Мамандар ауру 20 малдан сынама алып, оны ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жіберген. Ақжал ауылындағы ауру малдан алынған сынамалардан жұқпалы ринотрахеит инфекциясы мен вирустық диарея табылған. Қазір елді мекенде санитарлық шектеулер енгізілді.
Дәулет Әшкербеков, Шет ауданы аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясының басшысы
Осы шектеу бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Дезинфекция жасалды, емдеу шаралары Ақжалдың орталығында. Сосын жан-жақтағы малдарға тарамас үшін торлықтай егіп бітірдік. Шет ауданы бойынша 6 округтан осындай ауру белгілері шыққан. Олардан да сынамалар алынып, ұлттық референттік орталыққа жіберілді. Соның қорытындысын күтудеміз.
Руслан Нұрланұлы