Қызылордада Желтоқсан қаһармандарына ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Желтоқсан қаһармандарына ескерткіш қойылды

22.12.2021

Қызылордада желтоқсан қаһармандарына құрмет көрсетілді. Алматы қаласының орталық алаңында бас көтергендердің қатарында 142 қызылордалық болған. Тағзым аллеясына арнайы ескерткіш белгі қойылып, елдік мұратта ерен ерлікпен шейіт болғандардың рухына тәу етілді.

Осыдан 35 жыл бұрын қазақ ұлтының мүддесін қорғап, Алматы қаласының орталық алаңында бас көтергендердің қатарында 142 қызылордалық болған. Ескерткіштің ашылу салтанатына жиналғандар 1986 жылғы оқиғаның тарихи маңызын дәріптеп, Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Тағзым аллеясындағы мүсіннің биіктігі - 3,55 метр. Онда тұлпар мінген жас қазақтың еркіндікке ұмтылып шауып бара жатқан сәті бейнеленген.

Аманбек Қанетов, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:

Ең бастысы Қазақ елі қазір Тәуелсіздігімізді алдық. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын. Ешқашан Желтоқсан оқиғасы ұмытылуға тиісті емес.  Ешқашан Қазақ елінде екінші Желтоқсан болуға тиісті емес.


Хабарламаларға жазылу