Ливия жағалауында 160-тан астам мигрант суға батып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливия жағалауында 160-тан астам мигрант суға батып кеткен

22.12.2021

Ливия жағалауында 160-тан астам мигрант суға батып кеткен. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлап отыр. Олар екі қайықпен Еуропаға бара жатқанда аударылып қалған. Осылайша, жыл басынан бері Жерорта теңізінің орталығында суға кеткен босқындардың жалпы саны 1500-ге жуықтап отыр.

Бұл апаттар жұма-сенбі күндері болды.

Халықаралық миграция ұйымының дерегінше, биыл жақсы өмір іздеп Африка мен Таяу шығыстан Еуропаға аттанушылар күрт көбейген. Мәселен, 2021 жылы теңізде 31 мың 500 мигрант ұсталып, Ливияға кері қайтарылыпты. Ал, былтыр бұл аймақта «Қарт құрлыққа» заңсыз жол тартқан 11 мыңдай адам ғана тұтқындалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу