Бақытгүл Хаменова қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

23.12.2021

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу абақтысына қамалды. Ол құны 145 млн теңгеге бағаланған Абай ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін Мәдениет басқармасының басшысы екеуі 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Бұған дейін сот оның жалғызілікті ана екенін және асырауында екі баласы мен қарт анасының барын ескеріп, үй қамаққа жіберген болатын. Алайда прокуратура бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсіріп, Хаменованы қамауға алуды сұрады.

Жандос Темірғали


Бақытгүл Хаменова

Хабарламаларға жазылу