Солтүстік Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

23.12.2021

Солтүстік Қазақстанда инфекциялық стационарлар мен реанимация бөлімшелерінде емделіп жатқан науқастар саны азайды. Қазір коронавирусқа шалдыққан 3500-ге жуық адам дәрігерлер бақылауында. Оның 300-і ауруханаларда жатса, қалғандары үй карантинінде.

Инфекциялық орындар 18 пайызға толық. Ал бір ай бұрын 677 науқас стационарлық ем қабылдап жатқан болатын. Мамандардың айтуынша жедел жәрдем көмегіне жүгіну көрсеткіші де 12 пайызға төмендеген. Қазір дәрігерлердің мобильдік бригадалары күніне орта есеппен 400 шақырту қабылдайды. Коронавирусқа шалдыққан балалар саны өткен аймен салыстырғанда екі есе азайған.


Қызылжар

Хабарламаларға жазылу