Абай Құнанбайұлының алғашқы жинағы қалпына келтірілді. 1909 жылы Санкт-Петерборда басылып шыққан кітап осыған дейін Семейдегі Абай мұражайында сақталып келген. Жинақтың жарық көруіне кезінде ақынның ұлы Тұрағұл мен Әлихан Бөкейханов ықпал еткен. 112 жылдық тарихы бар құнды жәдігерді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мамандары жөндеген. 120 беттен тұратын жинақтың түпнұсқасының мұқабасы мен әрбір беті заманауи технологияларды қолдана отырып жаңғыртылған.
Тұрдықұл Шаңбай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры:
Арнайы шет елден, Германиядан, Европадан оқып келген мамандар жеке бір бетті қалай реставрация жасайтынын осы жерде көрсетті. Сол ғасырдағы, сол кездегі қағаздың құрамына сай бүтіндейді екен. Үлкен бізге осындай сый-құрмет жасады десек болады.