Елордада ТЖҚ мамандары өрт қаупінің алдын алу мақсатында рейдтік тексеру өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ТЖҚ мамандары өрт қаупінің алдын алу мақсатында рейдтік тексеру өткізді

23.12.2021

Елордада төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрт қаупінің алдын алу мақсатында рейдтік тексеру өткізді. Қала аумағында тіркелген 674 өрт оқиғасының жартысынан көбі электр желілерін дұрыс қолданбаудан болған. Мереке қарсаңында сапасыз пиротехникалық бұйымдарды сату да жиілей түсті.

Қауіпсіз жаңа жыл акциясы шеңберінде ұйымдастырылған рейдтік шараға Байқоңыр ауданының төтенше жағдайлар мамандары шықты. Жалпы қаланың осы аумағында орналасқан сауда нүктелері мен базарлар көп. Демек, сертификаты жоқ, сапасыз жаңажылдық бұйымдар да мұнда көптеп саудаланады.

Данияр Мұратов, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері:
Тексеріс жүргізіп жатқан кезде адамдар бір-біріне хабарласып, қашқақтайтын шығар? - Мұндай кездер бар.
 Сала мамандары тексеріске енді кірісіп жатқан кезде сауда базарының кіре-берісінде осы түрлі-түсті, жарқ-жұрқ еткен бұйымдар бірден көзге ұрынды. Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын от шашулардың арасында ұзын-қысқа таяқшалармен бірге көпмәрте атқылап жататын дәу қорапшалар да болды.
Ламбриан Топузидис, тілші:
Рейд жүріп жатқан кезде сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдар сататын орын табылды. Бірақ осы жерге жақындаған кезде қожайын табылмады. Қазір құқық қорғау органдарының өкілдері бүкіл заттарды тәркілеп жатыр. 
Осылайша, төтенше жағдайлар мамандары патрульдік полиция өкілдерімен бірге заңсыз сауданың жолын кесті. Сапасы жоқ жаңа жылдық отшашулардың алдын алу ең алдымен адамдарды қолы мен беттеріне ауыр жарақат алудан сақтап, ажал ауызынан алып қалады.

Еркін Отарғалымұлы, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
Олар ірі сауда орындарының маңайында арнайы белгіленген контейнерлердің ішінде оның сыртында жарнамалық белгілер болады. Соған кіріп сұрайтын болсаңыздар, оларға сатуға рұқсат берілген. Ол жерде сақтау тәртібі де сақталған. Ол жерде күнделікті деп бір күннің нормасы ғана сақталады. 
Мәтін: Нақты бір талаптары сақталмаған пиротехникалық заттардың арты үлкен бір қатерге әкеп соғуы да содан. Ал оны пайдалану кезінде көбінесе балалар жарақат алып жатады.

Блиц

Қала аумағында оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өтіп жатқан рейд шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Хабарламаларға жазылу