Петропавлда зейнеткерді тонап кеткен ұры іздестірілуде. 73 жастағы кейуананың 19 млн теңге салған сөмкесін ұзын бойлы ер адам жұлып әкеткен. Күдікті жайында басқа дерек жоқ.
Оқиға Солнечный кентінде болған. Кәсіпкерлікпен айналысатын зейнеткер қомақты қаржыны көптен бері өзімен бірге алып жүрген. Қылмысты ашу үшін 6 арнайы топ құрылды.