Украинада екпе алған тұрғындарға сыйақы төлене бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада екпе алған тұрғындарға сыйақы төлене бастады

24.12.2021

Екпенің екі дозасын алған Украина азаматтарына билік мың гривень яғни 16 153 теңгеден төлей бастады. Ол үшін қазынадан 110 млн доллар жұмсалмақ. Екпенің екі дозасын 13 млн украиналық алып үлгерген. 2 млн 300 мың адам Зеленский уәде еткен мың гривенді рәсімдеп үлгеріпті. Алайда үкіметтің мұндай ынталандыру қаражатын тұрғындар кез келген нәрсеге жарата алмайды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Екпенің екі дозасын алған әрбір тұрғын мемлекеттен бөлінетін мың гривенді алуға тапсырысты телефон қосымшасы арқылы рәсімдей алады. Бұл ақшаға спорт зал немесе фитнес-клубқа , кинотеатр, мұражай, концерт немесе көрме орталығына бару үшін, ішкі әуе және теміржол көлігімен ел ішінде саяхаттауға жұмсауға болады.


Хабарламаларға жазылу