Коронавирус бір тәулікте 91 мың адамнан анықталды
Францияда коронавирусқа қатысты эпидахуал ушығып барады. Бір тәулікте вирусты жұқтырудың 91 мыңдай жаңа фактісі тіркелген. Сонымен бірге соңғы 24 сағатта індеттен 179 адам көз жұмды. Ал жансақтау бөліміндегі науқастардың саны 3200-ден асқан. Елде қазір ковидтің бесінші толқыны жүріп жатыр. Билік жағдайды бақылауға алу үшін вакцина салу науқанын жеделдетуді қолға алды.
Мерекелік шараларды өткізу қаңтардың соңына дейін тоқтатылады
Италияда да ковид жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді. Мұнда соңғы тәулікте вирус 44 мың 600-ге жуық адамнан анықталған. Италиялықтар көшеде бетперде тағып жүруге міндеттелді. Ал кинотеатр, театр мен стадиондарда қорғаныс деңгейі жоғары арнайы маскаларды тағу қажет. Бұған қоса үкімет Жаңа жыл мерекесін топ болып тойлауға тыйым салып, көңіл көтеру орындарын қаңтардың соңына дейін жабу туралы шешім қабылдады.
Арай Төлегенқызы