Ақтөбеде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін меморандумға қол қойылды

24.12.2021

Азық-түліктің бағасы өспейді. Ақтөбеде әкімдік пен ірі сауда желілерінің басшылары меморандумға қол қойды.

Жаңа келісімге сай, супермаркеттердегі баға 5 пайыздан артық өспеуі тиіс. Ал, ірі базарлардың басшылығы сауда орындарын жалға беру құнын өзгертпейді. Тауар өндірушілер өз кезегінде ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге уәде берді. Меморандум 2022 жылдың бірінші желтоқсанына дейін жарамды. Әкімдік өз кезегінде кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Асқар Көкеев, облыстық Кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:

Жергілікті тауар өндірушілер мен ірі сауда желілері бастаманы толық қолдап отыр. Яғни, баға негізсіз өспейтін болады. Меморандум бірінші қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл екі жаққа да тиімді келісім.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу