Бангладеште паром өртеніп, кемінде 38 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште паром өртеніп, кемінде 38 адам мерт болды

24.12.2021

Бангладештің оңтүстігінде паром өртеніп, кемінде 38 адам мерт болды. Су көлігінің моторы орналасқан бөлме таңертең жана бастаған. Мұны жергілікті өртпен күрес қызметі бірер сағат бұрын хабарлады.

Болжамдарға қарағанда, құрбандар саны 50-ден асып кетуі мүмкін. Өйткені, бірталай адам ауыр жараланып госпитальге түсті немесе жоғалып кеткен.

Кеменің неліктен өртенгені белгісіз. Қазір апаттың себебі тергеліп жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу