Алматыда «Бас Қарасу» өзенінің арнасын жаңартуға бөлінген ақшаның бір бөлігін қалтасына басқандар сотталды. Бюджеттен бөлінген ақшаны Түрксіб аудандық әкімдігінің бөлім басшысы мен мердігер бірлесіп жымқырған.
Өзен арнасын тазартып, абаттандырып, жағасын бекітуге 71 миллион теңге қарастырылған. Алайда кәсіпкер орындалған жұмыстар актісіне жалған мәліметтер жазып, лауазымды тұлғаның көмегімен 28 миллион теңгені ұрлағаны анықталды. Сот шешімімен әкімдік қызметкері 7, ал кәсіпкер 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.