Көпқабатты үйлерге өрмелеп шығып, көпшіліктің көңілін көтереді. Альпинист Аяз ата астаналық балаларға тосын сый жасап жүр. Осылайша Қайратбек Тұрғанжановтың ерекше құттықтауы жұртшылықты тәнті еткен. Ол мұндай жоба бұған дейін елордада болған емес,-дейді. Аяз ата образын сомдап жүрген Семейдің тумасы. 10 жылдан бері кәсіби өндірістік альпинизм саласында жұмыс істейді. Яғни, өрмелеуге әбден машықтанған маман. Ал, арқанның көмегімен өрмелеп пәтерге кенеттен енгенде балалар таң-тамаша болатынын айтады.