Жапонияда 2022 жылы елдің қорғаныс бюджеті көбейтілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 2022 жылы елдің қорғаныс бюджеті көбейтілмек

24.12.2021

Фумио Кисида бастаған Жапония үкіметі елдің қорғаныс бюджетін рекордтық деңгейге көтеруді мақұлдады. Мұндай шешімнің қабылдануына Қытай армиясының күрт күшеюі және Солтүстік Кореяның ядролық-зымырандық бағдарламаларынан төнген қауіп себеп болды.

Жапония қарулы күштерге бөлінетін қаржыны сәуірдің 1-нен бастап 1,1 пайызға арттырады.Жалпы көлемі 48 миллиард долларға жуықтайды. Дегенмен бұл сома Қытай қорғаныс бюджетінің төрттен біріне де жетпейді. Елдің әскери басшылығы 2030 жылға дейін соғыс ұшақтарын жасауға миллиардтаған йен жұмсауды жоспарлап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу