Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

24.12.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы әріптесі Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті. Сондай ақ президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты. 

Хабарламаларға жазылу