Жамбыл облысында мың тоннаға жуық пияз жиналмай далада қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында мың тоннаға жуық пияз жиналмай далада қалған

24.12.2021

Жамбыл облысының Байзақ ауданында мың тоннаға жуық пияз жиналмай далада қалған. Егістік алқап жергілікті шаруа қожалығына тиесілі. Кәсіпкер биыл 40 гектар жерге пияз егіп, 30 гектарын жинап алған. Сапасы жоғары голландық өнімнің қалғанын үсік шалған.

Нұрсұлтан Ақжолов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Қалған пияз үсікке ұшырағаннан кейін, қоймаға кіргізілсе басқа пияздарды бүлдіреді. 30 гектарын жинап, оның 10 гектары қалған кезде жетекшісі мен оның інісі ковид ауруымен ауырып қалды.

Қожалық жетекшісі кейін індеттен көз жұмып, өнім сол күйі жиналмаған. Бүгінде шаруашылық өкілдерімен келісім жасалды. Олар көктемге дейін алқаптағы көкөністі жинап, тазалап алмақ.

Ғазиз Абаханов, ауыл әкімі:

Ауыл азаматтарының пияздың иісіне алаңдауына еш негіз жоқ. Күн салқында иісі шықпайды. Көктемге дейін тазаланады. Тұрғындарға еш зияны болмайды.


Хабарламаларға жазылу