Испанияның Пальма аралында 100 күнге жуық атқылаған вулкан ресми түрде сөнді деп жарияланды. Мұндай мәлімдемені Канар аралдарының аймақтық қауіпсіздік қызметінің басшысы Хулио Перес баспасөз маслихатында жасады.
Оның дерегінше, қыркүйектің 19-да оянған вулкан 3 мыңдай ғимаратты қиратып, 1200-ден астам гектар аумақты лавасымен жапқан. Сонымен қатар эвакуацияланған 7 мыңдай адамның үйі тұруға жарамай қалған. Бұған қоса, талай жол бөгеліп, плантациялар от пен күлден зардап шекті. Дегенмен үш айдан астам уақыт ішінде ешкім алапат вулканның құрбанына айналмады.
Арыстан Рысбек