Елімізде биыл қаржы пирамидаларынан 19 мыңдай салымшыға 16 миллиард теңгеден аса шығын келген. 16 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, 35 адам жауапқа тартылуда. Бірнеше банктерден 3 мыңға тарта күдікті операциялар туралы хабарламалар келіп түскен.
Алаяқтар тіпті әлеуметтік желілер арқылы да тұрғындарды алдап, ақшасын жымқырып кетуге көшкен. Мәселен, Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті уатсап әлеуметтік желісі арқылы жүргізілген 2 қаржы пирамадасының жолын кесті.
Бақыт Қайшыбеков, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы:
«Айналым 50 пайыз» деген уатсап мессенджері арқылы ақшаны жинап отырған. Адам саны 25 болған. Барлығы 24 млн теңге. Және «30 пайыз 3 күн ішінде» тобы осы уатсап арқылы жүргізілген.