Франция «омикрон» штамының тарауына байланысты шектеу шараларын күшейтті. Қаңтардың 3-інен бастап қызметкерлердің көбі қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Қоғамдық шараларға 2 мыңнан аспайтын адам ғана қатыса алады. Көңіл көтеру орындары бұрынғысынша жабық болады. Сонымен бірге қала орталықтарында маска тағып жүру міндеттелді.
Францияда ковид жұқтырғандардың тәуліктік саны сенбіде 100 мың адамнан асқан. Карантин талаптарының күшеюіне осы жағдай себеп болды. Жаңа жыл қарсаңында ел аумағында толық локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ.
Арай Төлегенқызы