Семейде саябақты сапасыз жөндегендер тергеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде саябақты сапасыз жөндегендер тергеліп жатыр

28.12.2021

Семейде саябақты сапасыз жөндегендердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қаладағы орталық саябақты жаңғырту жұмыстарына 1 миллиард теңге бөлінген. Жоспарға сай жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталып, бір жылда қолданысқа берілуі тиіс болған. Алайда, құрылыс тым сапасыз жүргізілген. Бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырған. Мердігер компания өкілдері болса, жұмысты аяқтауға қаржы жетпей қалды дегенді алға тартқан. Ал қала басшылығы болса сот аяқталған соң құрылысты соңына дейін жеткіземіз деп уәде етіп отыр.

Бақытжан Байахметов, Семей қаласының әкімі:

Қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондықтан қазір саябақта ешқандай жұмыс жүргізу мүмкін емес. Демалыс орнын қалпына келтіру керек. Сот ісі аяқталған соң міндетті түрде қолға аламыз.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу