Ұлыбританияда науқастардың 90 пайызы «Омикрон» штамын жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда науқастардың 90 пайызы «Омикрон» штамын жұқтырған

28.12.2021

Ұлыбританияда соңғы аптада 800 мыңға жуық адам індетке шалдыққан. Науқастардың 90 пайызы вирустың жаңа штамын жұқтырғандар,- дейді мамандар. «Омикрон» штамының кең таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында дәрігелерлердің жетіспеушілігі туындауы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан билік халықты аса сақ болуға шықырды. Жағдай ушыға берсе жаңа жылдан бастап елде ковидке қарсы жаңа шектеулер енгізілуі ықтимал.

Саджид Джавид, Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі:

Жаңа штамм соңына дейін зерттеліп болмағандықтан тығырықтан алып шығар жол тек вакцинация ғана екендігін білеміз. Өкінішке қарай, ауруханаларға түсіп жатқандардың басым көпшілігі екпе алмағандар. Олардың арасында интенсивті терапияны қажет ететіндер көп. Бір білетініміз екі вакцина жеткіліксіз, сондықтан халықты үшінші рет екпе алуға шақырамын.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу