Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде ветеринарлар тазы иттерді аяусыз атқан. Бұралқы иттерді жою кезінде мамандар құмайларды да қырып салған. Болған жайттың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап, табиғат жанашырлары кінәлілерді жазалауды сұрады.
Аудан әкімдігі ветеринарлық станция қызметкерлері тұрғындардың шағымынан соң бұралқы иттерді жойған болатын дейді. Себебі бұған дейін Ақадыр кентінде қаңғыбас иттер адамдарға шабуылдаған. Алайда олардың тазыларды да атып тастағаны анықталды. Енді осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.
Руслан Нұрланұлы