Жол апаты азаймай тұр. «Самара-Шымкент» автожолының Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы бөлігінде 4 жүк көлігі соқтығысты.
Салдарынан бір жүргізуші зардап шекті. Апатқа көктайғақ себеп болған. Жалпы, өңірде соңғы тәуліктерде ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғалары жиіледі. Өкінішке қарай, адам шығыны бар.
Мәселен, Ақтөбе-Қандыағаш бағытында кележатқан «Лада гранта» көлігін тізгендеген жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада веста» автомобиліне соғылған.
Ерболат Сарқұлов, Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Салдарынан «Лада грантаның» жүргізушісі 71 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Және 2 жолаушысы әртүрлі жарақатпен Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бабы бойынша қылмыстық ісқозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.