Елімізде онлайн несие беру тәртібін қатаңдату ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде онлайн несие беру тәртібін қатаңдату ұсынылды

29.12.2021

Елде онлайн несие беру тәртібін қатаңдату керек. Осылай деген депутаттар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сауал жолдады. Олар онлайн несие рәсімдейтін кезде азаматтың жеке мәліметі мен телефон нөмірін сәйкестендіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге микроқаржы ұйымдарының да дерегін мұқият бақылау керегін айтады. Олардың мәліметіне қарай интернет алаяқтарға қатысты 17 мың іс тіркелген. Елде 25 мың адам 8 млрд теңгеден аса ақшаға зардап шеккен. Жақында да алаяқтың, өзгенің жеке құжаттарын пайдаланып Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарына 10 млн теңгеге онлайн кредит алғаны белгілі болған. Депутаттар Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау органдарымен бірлесе жедел әрекет етуді ұсынды. 

Хабарламаларға жазылу