29.12.1991 жыл: Алғашқы Президент шыршасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29.12.1991 жыл: Алғашқы Президент шыршасы өтті

29.12.2021

1991 жыл, 29 желтоқсан. Қазақ елі тәуелсіздігін жария еткеніне 13 күн болды. Жыл соңына қарай халық әдеттегідей жаңа жылдық шараларға қызу дайындық үстінде еді. Бастысы – осы күні балалар үшін алғаш рет Президент шыршасы ұйымдастырылды.
ТІЛШІ: Алматы. Пионерлер мен оқушылар сарайы. Алғаш рет елімізде Президент шыршасы өтті. Мерекелік шараға республиканың түкпір-түкпірінен бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары жиналды.

Президент шыршасына еліміздің әр аймағынан 400-ге жуық бала шақырту алды. Сән салтанаты жарасқан мерекелік шараға келген кішкентай қонақтарды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Президент мерекелік шараға өз отбасымен келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы:

«Я вам желаю в Новом году что вы себе пожелаете сбылись. Чтоб у вас было крепкое здоровье. Чтоб у вас был бодрость, успех, в жизни была удача. Я от себя лично, от своей семьи искренно желаю вам дети, счастья, успехов, добра, чтоб сбылись ваши мечты, желания!». 
Көп балалы отбасылыр мен балалар үйінен жиналған бүлдіршіндер жаңажылдық ертеңгілікті тамашалады.

Мұрат Мұтырғанов, 1991 ж. Алматыдағы №131 мектептің 1 сынып оқушысы:


 «Әлі есімде, сол күні ұмытылмас мерекелік кеш болды. Қызыл-жасылды шамдармен безендірілген шырша, Аяз ата мен Ақшақар балаларға керемет көңіл күй сыйлады. Президент құттықтау сөз сөйлегенде мен жанында тұрдым. Нұрсұлтан Әбішұлы арқамнан қағып, «О, Мұрат, саған сәттілік тілеймін!» деді. Алғашқы Президент шыршасы жаңа достарым үшін және мен үшін ғажайыптарға толы болды».
Жиналғандар театрландырылған қойылымдарды көрді. Эстрада жұлдыздары мен «Әнші балапан» байқауына қатысушы жас әншілердің өнеріне тәнті болды.

Хабарламаларға жазылу