Ұлттық нейрохирургия орталығы халықаралық деңгейде үздік деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық нейрохирургия орталығы халықаралық деңгейде үздік деп танылды

29.12.2021

Ұлттық нейрохирургия орталығы халықаралық деңгейде үздік деп танылды. 37 үміткердің ішінен басқарма төрағасы, академик Серік Ақшолақов Ресей Федерациясының жалпыұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Бұл марапатқа екінің бірінің қолы жетпейді. Үздіктердің үздігіне ғана беріледі. Науқастардың өміріне араша түсу үшін ғылым мен технологияны қатар дамытып, емдеудің жедел әдістерін енгізгендер ғана ілігеді. Ал нейрохирургия орталығында 13 жыл ішінде 55 мың науқас емделіп шықты. 36 мың адамға операция жасалды. Биыл Орталық Азияда теңдесі жоқ «Гамма пышақ» технологиясы жеткізілді. Жалпы нейрохирургия орталығына Қазақстанда бұрын-соңды болмаған 70 тем астам жаңа технология енгізілді.


Хабарламаларға жазылу