Путин мен Байден бүгін телефон арқылы сөйлеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин мен Байден бүгін телефон арқылы сөйлеседі

30.12.2021

АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин бүгін телефон арқылы сөйлеседі. Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Эмили Хорн осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшылары түрлі мәселелерді, соның ішінде екі ел арасында алдағы уақытта өтетін дипломатиялық келіссөздерді, ОБСЕ алаңындағы кездесу және Ресей-НАТО кеңесінің отырысын талқыламақ.

Бұған қоса, Вашингтон мен Мәскеу қаңтардың 10-да Украина жөнінде келіссөз жүргізуге келісті. Ақ үй басшысы сол отырыста ресейлік әріптесімен жүздесуді жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Тағы бір айта кететіні - Ресей қаңтардың 12-13 күндері НАТО-мен, Еуропа Одағы елдерімен кеңейтілген отырыс өткізбек. Бұл ақпаратты Ақ үй де, Кремль де растады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу