Шымкентте зағип жан көптің көмегімен баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте зағип жан көптің көмегімен баспаналы болды

30.12.2021

Көз жанарын шел басып, зағип болып қалғанына қарамастан аула сыпырып шиеттей бала шағасын асырап жүрген шымкенттік Нұртілеу Жаналиев көптің көмегімен баспаналы болды. Іші сыз, қабырғалары көгеріп кеткен аядай бір бөлмеде тіршілік етіп келген отбасының аянышты тіршілігі туралы Ұлттық арна тілшілерінің бейнематриалынан соң еріктілер бастама көтеріп, қаржы жинаған болатын. Қайырымды іске жұртышылық да жұмылды. Соның арқасында көпбалалы отбасы 7 бөлмелі үлкен үй сатып алып, жаңа қонысқа жайғасты. Қайрымдылық жасауға ұмтылған азаматтардың кейібірі тұрмыстық техника сатып алып берген. Ал ағайын туыстары шама- шарқы келгенше жасау жиһазын түгендеуге кіріскен.

Нұртілеу Жанәлиев, қала тұрғыны:

Алғаш естігенде қуанғанымнан жылағым келіп кетті. Көңілім әлі тоймай жүр қуанғанымнан. Бәрі жақсы. Халыққа рақмет. Бала-шағам кең әрі еркін ойнап, бір бөлмеден гөрі шапқылап ойнайды. Бала-шағама да, өзіме де жақсы болды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу