Ақмола облысында алтын өңдейтін заңсыз цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында алтын өңдейтін заңсыз цех анықталды

30.12.2021

Ақмола облысының Бестөбе кентінде алтын өндейтін заңсыз цех жұмысы әшкереленді. Нысан жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталып отыр. Бір жарым тонна материал, үш қондырғы, 80 грамм алтын үгіндісі, үш суық қару тәркіленді. Оған дейін ақмолалық полицейлер алтынды заңсыз өндіріп, сатумен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірген болатын. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу