АҚШ-тың шығысы мен Вашингтон қар құрсауында қалды. Салдарынан мыңдаған рейс шегеріліп, мектептерді жабуға тура келді. Мұндай ақ ұлпаның қашан жауғаны жұртшылықтың жадында жоқ.
Ал билік тұрғындарды үйден шықпауға шақырып жатыр. Себебі қолайсыз ауа райы қауіпті жол қозғалысына соқтыруы мүмкін. Жаппай жарықтың сөніп қалуы да ғажап емес.