Маңғыстаудан сайланған сенаторлар мәселенің оң шешілуіне атсалысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудан сайланған сенаторлар мәселенің оң шешілуіне атсалысуда

04.01.2022

Маңғыстаудан сайланған сенаторлар мәселенің оң шешілуіне атсалысуда. Сенат Төрағасы облыстағы жағдай барша елді алаңдатып отырғанын жазды.

Мәулен Әшімбаев Президентіміз айтқандай, барлық тараптың мүддесін ескеретін шешімге келу маңызды дейді.

Әлеуметтік желіде «Біз елдіктің маңызды межесінде тұрмыз. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, егемендігімізді одан әрі нығайту - басты міндетіміз. Кез келген мәселенің шешімін табуға болады, ол үшін, ең алдымен, жылдар бойы қалыптасқан бірлігіміз бен тұрақтылығымызға сызат түсірмеу аса маңызды», - деп жазба қалдырған.


Хабарламаларға жазылу