Израильде жасы 60-тан асқандарға вакцинаның 4-дозасы ұсынылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде жасы 60-тан асқандарға вакцинаның 4-дозасы ұсынылып жатыр

04.01.2022

Израильде жасы 60-тан асқандар мен медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцинаның 4-дозасын ұсыныла бастады. Өйткені елде ковидің «омикрон» штамы өршіп барады.

Жергілікті үкіметтің болжамынша, алдағы үш аптада бұл инфекцияны тәулігіне 50 мың адам жұқтыруы мүмкін.

Жалпы алғанда Израильдің 9,4 миллион халқының 60 пайыздайы толық вакциналанған. Олардың барлығына дерлік Pfizer-BioNTech екпесі салынды. Бірақ жүздеген мың адам үшінші компонентті әлі алмаған.

Соңғы 10 күнде Израильде коронавирусқа шалдыққандардың күндік саны 4 есеге көбейді. Осыған байланысты дүйсенбіде Денсаулық сақтау министрлігі «қызғылт сары» деп белгілеген 199 мемлекеттен келген саяхатшылардан вакциналанғанын немесе COVID-19-дан айыққанын алдын ала дәлелдеуді және Израильге енгеннен кейін ПТР тесттен өтуді талап етіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу