Алматыдағы шерулер қақтығысқа ұласты. Наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларының көліктерін өртеп, жаппай тәртіпсіздік жасап жатыр.
Тәртіп сақшыларының бірқатар көлігін қиратып, өртеп жатқаны мына кадрлардан анық көрінеді. Полиция қызметкерінің бір өкілі зардап шеккені, оны жедел-жәрдем алып кеткенін де аңғаруға болады.
Шеруге шыққандар бірнеше жерде де полицейлердің көліктерін өртеп жіберді.