Ақтауда сұйытылған газдың бағасы –50 теңгеден сатылып жатыр. Таңертеңнен бері бірнеше бекет тұрақты жұмыс істеп тұр. Мұнда кезек көп. Таң атқалы мұнда 2 мың литр көлік отыны сатылған. Ал қалған газ құю бекеттері әзірге жабық тұр. Аймақта Үкіметтік комиссияның шешімімен сұйытылған мұнай газдың бағасы 85-90 теңгеден 50 теңге арзандатылды.
Нұржұма Оразов, Ақтау қаласының тұрғыны:
120-дан құйдым жасырмаймын. Қазір, міне, 50 теңгеден болып жатыр. қазақстанның халқына рахмет айтамын осындай жағдайға әкелгене осылай ары қарай жалғаса берсін. Тәртіп бұзылмасын.
Облыста төтенше жағдай жарияланды
Ал, облыстағы жағдайға келетін болсақ, аймақта төтенше жағдай жарияланып, түнгі мезгілде коменданттық сағат енгізілді. Полиция департаментінің мәліметі бойынша, құқық бұзушылық тіркелмеген. Жолдар ашылды. Бүгін Ақтау қаласында жағдай тұрақты. Тұрғындар бірнеше күнгі демалыстан соң, жұмыстарына оралуда. Көлік қатынасы үзілген жоқ.