Наурыз айшықтары көйлектерде бейнеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз айшықтары көйлектерде бейнеленді

20.03.2014
Наурыз айшықтары көйлектерде бейнеленді

21наурызда Астанада отандық модельерлердің қатысуымен көктемгі сән үлгілерінің көрсетілімі болады. Суретші-дизайнер, мата безендірудің шебері павлодарлық Галина Беспалова бұл шараға ерекше дайындалып жатыр. Ол бұл жолы «Наурыз», «Жібек жолы», «Дала балладасы» атты жаңа топтамаларды ұсынбақ.

 
Мәселен, «Баянауыл аңыздары» атты кешкі көйлектен табиғаты әсем өлкенің барлық ерекшелігін көруге болады. Жақында Санкт-Петербургте өткен халықаралық көрмеде павлодарлық шебердің еңбектері бас жүлдеге лайық деп танылған болатын. Ол маталарға қазақтың дархан даласы, өзен-көлдері, заңғар таулары және ою-өрнектері бедерленген.
 
Көк бөрі, ұшқыр тазы, жүйрік ат, ақ шаңқан киіз үйлер бейнеленген 50-ге тарта көйлектері - «Наурыз» деп аталатын жеке топтама. Модельердің ата-бабасы Қазақстанға 19-шы ғасырда келген.
 
Галина Беспалова, қылқалам шебері, дизайнер:
Өскен ортам, достарым - қазақтар. Мен қазақтың ою-өрнегін бала кезден суретке түсіріп жүрмін. Қыз балаға арналған ұлттық көйлек киіп жүретінмін. Бала кездегі киіз сырмақ, көрпешелер бәрі көз алдымда. Бұл айшықтар Наурыз мейрамына қандай жарасымды. Сондықтн мен маталарға ұлттық нақыш, бояуды көбірек сіңіргім келеді. 
 
 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу