Бітімгерлік күштер қысқамерзімге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бітімгерлік күштер қысқамерзімге келді

07.01.2022

Құрылымдық күштер басшыларының хабарлауынша, жалпы тәртіпті реттеуге атсалысу үшін Қазақстанға Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері келе бастады. Олар стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектеулі мерзімге ғана келді.

 Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
ҚР Президенті Тоқаев біздің елімізде конституцияны қалыпқа келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Соның бір қадамы осы ұжымдық күштердің Қазақстанға енуі. Бұл жердегі мәселе ұжымдық күштер ҚР Президенті айтты мәселе шешілгеннен кейін олар Қазақстан териториясынан қайтады. Бұл уақытша және қысқа мерзімге жасалған шара.
Ғазиз Әбішев, саяси сарапшы: 
Егер шабуыл бірден ашық түрде басталғанда, олармен күрес бұлай қиын болмас еді. Бірақ, лаңкестердің әрекеті күрделі болды. Бейбіт шерудің соңы осындай жағдайға ұласып кетті. Сондықтан, ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынынан әскер шақыртуға тура келді. Өйткені, олардың лаңкестермен күресте тәжірибесі бар. Одан бөлек ,бұл біздің әскерге моральдық күш береді Негізгі мәселенің бірі, сырттан келген әскердің саны шектеулі. Арнайы жасақ контр-террористік операция аяқталғасын елдеріне кетені айтылды.
 Оразғали Селтеев, Еуразиялық интеграция институтының директоры: 
Мемлекет басшысының ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы нан әскер алдыруы қазіргі мезетте өте маңызды , әрі қажетті шешім деп ойлаймын. Бейбіт митингтер ең бірінші кезекте өтті. Азаматтардың нақты талабы сол кезде естілді. президент ол мәселелер жақын арада шешімін табады деді. Ал, қазіргі жағдайда арандатумен айналысқан теріс пиғылды топтар жүр. Ел ішін содырлардан тазартуымыз керек. Әрі күзетілуі тиіс стратегиялық маңызды нысандарға адам күші қажет.


Хабарламаларға жазылу