Террористік қауіптің төнуіне байланысты елде бірқатар ережелер бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Террористік қауіптің төнуіне байланысты елде бірқатар ережелер бекітілді

07.01.2022

Террористік қауіптің төнуіне байланысты елде бірқатар ережелер бекітілді. Ол 2013 жылғы тамыздың 9-ы күнгі Президент жарлығына сәйкес қабылданған. Ланкестік шабуылдарға қарсы қатаң шаралар қауіптің ең жоғарғы қызыл деңгейіне жеткен жағдайда, қолға алынады.

Аманжол Зейноллаұлы, «Терроризмге қарсы комитет» республикалық ҚБ президиумның төрағасы:
Азаматтар төлқұжатын өзімен бірге алып жүруге және құқық қорғау қызметкерлеріне көрсетуге міндетті. Егер құжат болмаған жағдайда оны тергеу бөліміне апарып жеке басы туралы ақпарат анықталғанша ұстап тұра алады. Полиция қызметкерлері автокөліктер мен жеке заттрарды тексеруге құқылы. Ескере кететін маңызды жағдай терроризмге қарсы заңның 15-1 тармағына сәйкес, террорлық акт ұйымдастырған азаматтарға қарсы қару мен техника қолдануға және қызметтік иттерді пайдалануға мүмкіндік бар.

Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданған №416-1 заңының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы тармағына сәйкес терроризм күш қолдану идеологиясы мен халықты үрейлендіру сондай-ақ жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау немесе жасаймын деп қорқыту.


Хабарламаларға жазылу