Теріс ағымдардың арандауына көбіне жастар ілескен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріс ағымдардың арандауына көбіне жастар ілескен

07.01.2022

Теріс ағымдардың арандатуына көбіне жастар ілескен. Өкінішке қарай, бандиттер өзінің арам ойларын жүзеге асыруға, әлі өз ой-пкірі қалыптаспаған, оңды-солын енді біліп келе жатқан жасөспірімдерді тартады. Осы ретте әр ата-ана өсіріп отырған ұрпағының тәрбисіне зор көңіл бөлуі керек. Баланың не істеп, кіммен жүргенін қадағалауы тиіс. Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін, егемендіктің қадірін түсіндіре біулері керек.

Жастар есіргендерге ермеуі керек

Бейбіт жиынның арты арандатушылыққа ұласып, қара халық арам пиғылдылардың арбауына ерді. Салдарынан қанша жасөспірімнің өмірі қыршын кетті. Қарияның көз жасы төгілді. Ендігіде тыныштық керек. Қоғам болып, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану қажет.

Смайыл Сейітбеков, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі:

Мұндай оқиға көптеген елдің басынан, тарихынан өткен жағдаят. Сондықтан оны ел болып еңсереміз. Оған күмән жоқ. Тек бір-бірімізге демеу болайық. Сабыр сақтайық. Айтылған үндеулерге сәйкес сол тиісті шараларды орындауға атсалысайық. Арандатушылыққа бармайық дегім келеді.

Өкінішке қарай, теріс ағымдардың арандатуына көбіне жастар ілескен. Ой санасы уланған жасөспірімдер өз еліне, егемендігіне қандай нұқсан келтіріп отырғандықтарын түсінбейді. Осы ретте бала өсіріп отырған әр ата-ана, өз ұрпағының тәрбиесіне зор көңіл бөлу керек.

Нәзипа Шанаи, ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы:

Біздің елімізге жау тиді. Олай болатын болса, қазір әр ана өзін ел анасы деп санау керек. Біз ең бірінші өз отбасымызды, ағайын, туғанымызды түгендейікші. Балаларымыз қайда жүр? Адасып кеткен баласын, әр ұрпағын өзі тәрибелеген ана бүгін тауып алып өзі жауап беретін болсын. Біздің аналар ретінде мемлекет басшысына қолдауымыз содан басталуы керек.

Президент өз мәлімдемесінде басбұзарлық, бандиттік іс-әрекеттерге тиісінше тойтарыс беріліп жатқанын айтты. Ел тыныштығына нұқсан келтірген қылмыскерлермен еш келіссөздер жүргізілмейді. Қатаң шаралар қолданылады.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Ең соңғы лаңкестің көзі жойылғанша осы әрекетті жалғастырамыз деді Президент. Батыс, басқа да адам құқықтары жөніндегілер қалай айқайлайтынын білеміз. Оған да ашық айтты. Оттың басын ойрандап, бауыздап жатқан кезде қылмыскерлермен келісуге қандай әңгіме болады, ол жерде дегені ашық айтылды. Демек лаңкестердің іс-әрекеті елді жоюға бағытталған әрекет екеніне көзіміз жетті.

Қазіргі сын сағатта әсіресе жастарға артылар жүк ауыр. Есіргендерге елірмей, ес етекті жиып, ел болудың қамын ойлайтын кез келді дейді ел ағалары.


Хабарламаларға жазылу