Тұманбай ақын тұрған үйге Құрмет тақтасы ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұманбай ақын тұрған үйге Құрмет тақтасы ілінді

20.03.2014
Тұманбай ақын тұрған үйге Құрмет тақтасы ілінді

Бүгін - қазақ әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиевтің туған күні. Алматыда Халық жазушысына арнап Аманкелді мен Қабанбай көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің қабырғасына ілінген Құрмет тақтасының ашылу салтанаты өтті.

 
Айта кету керек, дәл осы үйде Тұманбай ақын 55 жылдан астам уақыт тұрған. Салтанатты жиынға шаһар әкімімен қатар, зиялы қауым өкілдері, ақынның туған-туыстары мен көзін көрген азаматтар қатысты.
 
Тұманбай Молдағалиев ғұмырының соңғы сәтіне дейін қолынан қаламын түсірмей, адамдардың нұрлы әлемі мен даланың бар ғажап бояуын талмай жырлады.
 
Шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастаған дара тұлға, тұңғыш «Украин қызына» атты өлеңін 19 жасында жазды. Содан бері, 500-ден астам әннің мәтінін жазды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Әнұранының авторларының бірі.  
 
Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары:
Тұмағаң -  Қасымдардан кейін жаңалық әкелген, үлкен ізденіс әкелген, сезімнің жыршысы, махабббаттың шыршысы. Көктемнің жыршысы. Тұмағаң - қазақ даласына, әр қазақтың жүрегіне есімін жазған ақын.
 
 
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу