Бүгін бірқатар аймақ және қала басшылары мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін бірқатар аймақ және қала басшылары мәлімдеме жасады

07.01.2022

Бүгін бірқатар аймақ және қала басшылары мәлімдеме жасады. Өңірлерде шығын көлемі есептеліп, бүлінген ғимараттарды қалпына келтіріліп жатыр.Халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр.
Бердібек Сапарбаев,  Жамбыл облысының әкімі: 
Бүгін құрылысшылармен кездестік. Зақым келген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарды бастаймыз. Барлық тұрғындар жылумен, жарықпен, сумен толық қамтамасыз етілген. Азық-түлікке байланысты ешқандай шектеулер болмайды. Сұрақтар болған, әсіресе нанға байланысты. Оның бәрінің бізде қоры жеткілікті. Барлық сауда орталықтары, нан комбинаттарымен жұмыс жүргізілуде.
Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: 
Қазір халықтың тыныштығы мен қоғамдық тұрақтылдық маңызды. шығын көлемі есептеліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу