Ақтау қаласында алаңға жиналған тұрғындар толықтай тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласында алаңға жиналған тұрғындар толықтай тарады

08.01.2022

Ақтау қаласында алаңға жиналған тұрғындар толықтай тарады. Жол бойына тігілген темір үйлер жиналып, жолдар ашылды. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы телефон арқылы жағадайды баяндауга әзір.

Аягөз Оралбайқызы, тілші: 

Қаладағы бірнеше күннен бері жабық жолдар ашылды. Өйткені алаңға жиналғандар үйіне тарады. Жол бойына жиналған темір үйлер де жиналды. Қазір коммуналдық қызметкерлер тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қоғамдык көліктер емін-еркін жүруде. Жалпы, облыс бойынша жағдай тұрақты. Барлық коммуналдық қызметтер қалыпты жағдайда жатыр. Ауданаралық жолдар түгел ашық. Темір жол мен әуе қатынасы қалпына келді.


Хабарламаларға жазылу