Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин: Өрт сөндірулер кезінде 10 қызметкер түрлі жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин: Өрт сөндірулер кезінде 10 қызметкер түрлі жарақат алды

08.01.2022

Президент Төтенше жағдайлар министрін қабылдады. Юрий Ильиннің сөзінше, ғимараттардың өртенуіне заңға қарсы әрекеттер себеп болған. Ал қызметтік міндетін атқару кезінде 10 қызметкер түрлі жарақат алған.

Өрт және құтқару қызметінің 29 техникасы зақымдалды. 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүктелген міндеттерді әрі қарай атқару керектігін тапсырды. Хабарлама жіберу жүйесі арқылы тұрғындарға уақытылы ақпарат берудің маңыздылығына тоқталды.


Хабарламаларға жазылу