Еліміздің барлық ауруханасында донор қаны жеткілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық ауруханасында донор қаны жеткілікті

08.01.2022

Еліміздің барлық өңіріндегі ауруханаларда донорлық қан компоненттері жеткілікті. Бұл жайында елордадағы қан орталығының мамандары мәлімдеді. Бұған дейін кейбір ауруханаларда қан жетіспеушілігі байқалған.

Сұранысқа сай донорлар лег-легімен келіп, жансақтау бөліміне қажетті қанның жеткілікті қорын өткізді. Қазір қан тапшылығы мәселесі түгелдей шешілген.


Хабарламаларға жазылу