Қазір елордада жағдай тұрақты. Шаһар толығымен жедел бақылауда. Ал 6 блок бекетте күндіз-түні тексеру жүргізіліп жатыр. Толығырақ ахуалды полиция департаментінің баспасөз қызметкері Эльмира Шауленова баяндайды.
Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу үшін қалада құқықтық тәртіп жедел алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Егер күмәнді адамдар туралы ақпарат болса, полицияға хабар беруге болады. Аса қажет жағдай болмаса, қала аумағынан шықпауыңызды, үйде болуыңызды сұраймын.