ІІМ: Террористерге қарсы операциялар жүріп жатқан өңірлерде үйден шықпау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ: Террористерге қарсы операциялар жүріп жатқан өңірлерде үйден шықпау қажет

09.01.2022

Террористерге қарсы операциялар жүріп жатқан өңірлерде аса сақ болып, мейлінше үйден шықпау қажет. Әсіресе балаларыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз. Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев халықты қазіргі жағдайға түсіністік танытуға шақырды.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:

Құрметті Отандастар! Қазіргі жағдайға байланысты шектеулерге түсіністік танытып, тыныштық сақтауға шақырамын! Әсіресе антитеррористік операциялар жүріп жатқан жерлерде сақтық шараларын ескеріңіздер. Арандатуға ермеңіздер. Егер күмәнді адамдар туралы ақпарат болса, кез-келген күдік тудырған жағдайдың куәсі болсаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды өтінеміз. Жалған ақпарат таратпаңыздар. Ол үшін жаза бар екенін естеріңізге саламын.


Хабарламаларға жазылу