Елімізде жүк және жолаушылар тасымалының қайта жанданып, ұшақтар қатынай бастағаны белгілі. Сұраныстың артуына байланысты тағы екі пойыз жолға шықты. Олар Алматы-Ақтөбе және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қосымша коммерциялық пойыздар.
Айта кетейік, қазір темір жол қозғалысы қалыпқа келтірілген. Барлығы кесте бойынша жүруде. Толық ақпаратты «рейлвейс» сайтынан біле аласыздар. Ал ішкі әуе рейстерінің ұшу кестесіне сәйкес бүгін Air Astana және FlyArystan – 144, Skat – 58, Qazaq air – 22 рейсті жүзеге асыруы тиіс болатын. Алайда, ауа райының қолайсыздығы мен интернет желілерінің жұмыс істемеуіне байланысты 11-і кешіктіріліп, 129-ы тоқтатылды.