Еңбек министрлігі: Зейнетақы мен еңбекақы уақытылы төленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек министрлігі: Зейнетақы мен еңбекақы уақытылы төленіп жатыр

09.01.2022

Мемлекет өзінің ел алдындағы әлеуемттік міндеттемелерін толық орындайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін орындаушы Серік Шәпкенов осылай деді. Зейнетақы мен еңбекақы уақытылы төленіп жатыр. Қазірдің өзінде 174 млрд теңге тұрғындардың есеп-шотына аударылған.

 Серік Шәпкенов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а.:
Төртінші тоқсанда төленуі тиіс атаулы әлеуметтік көмек төтенше жағдайды ескере отырып, атаулы көмекті автоматты түрде 1 тоқсанға ауысты. Азаматтардың қандай да бір мемлекеттік органға барудың қажеті жоқ. 


Хабарламаларға жазылу